Тараздықтарға ауызашарға ыстық тамақ жеткізілді

Тараздықтарға ауызашарға ыстық тамақ жеткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мың айдан да қайырлы қасиетті Рамазан айы келіп, исі мұсылман бүгін оразаның алғашқы күнін өткерді. 

Бүгінгі карантин жағдайына байланысты көпшілік жиналатын шаралар уақытша тоқтатылғаны белгілі. Соған байланысты "Һибатулла Тарази" мешіті ауызашар ретінде ыстық тамақ, салат, сусындар, жеміс пен тәттілер таратты. 

Мешіт қызметкерлері мұқтаж 50 отбасының үйіне ауызашарға арналған дастарханын ала барып, тұрғындарды қуантты. 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз өсиетінде: «Ораза ұстағанды тамақтандырған, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, әрі ораза ұстаушының сауабы кемітілмейді» деген. 

Бұл игі шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев те қатысты. Ауызашарды тамақ жеткізу түрінде өткізу карантин жағдайына байланысты алдағы уақытта да осылай жүзеге асырылмақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: