Тараз: Рамазанның алғашқы күні қайырымдылықпен басталды

Тараз: Рамазанның алғашқы күні қайырымдылықпен басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айының басталуына орай, Жамбыл облысының рухани жүрегі "Һибатулла Тарази" мешітінде кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен қайырымдылық шарасы өтті.

Әлеуметтік жағдайы төмен 25 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды. Атап айтсақ, әр жанұяға 10.000 теңгеден ақшалай және 15-20 мың теңгенің көлеміндегі барлық қажеттіліктер молынан топтастырылған 2 қап азық үлестірілді.

Мейірімділік пен рухани даму айы болған оразада өткен қайырымдылық шарасында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев сөз сөйлеп, көпшілікті мүбәрак аймен құттықтады. Рамазан айының қасиетін тілге тиек етіп, еліміз үшін дұға жасады. 

Игі шараға жалпы 675 000 теңге қаражат жұмсалды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: