Жамбыл жастары мұқтаж отбасыларды қуантты

Жамбыл жастары мұқтаж отбасыларды қуантты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деген өсиеті бар. Бес күндік пәни дүниеде қайырлы іс жасап, көп балалы отбасына, балалар үйіне, қарттар үйіне аса көңіл бөлу маңызды.

Қайырымдылық жасауды игі  әдетіне айналдырған Жамбыл жастары Рамазан айының қарсаңында мұқтаж отбасыларға көмек қолын созды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың қолдауымен "Ақсарай" мешітінің жамағаты және "Мұқтаждар" атаулы Тараз қаласының жастарынан құрылған топ "Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жер – соқпақ, мың адам жүрген жерде жол қалады" деген халық даналығын ұстана отырып, бірлесе 25 шаңыраққа азық-түлік жеткізіп берді. 

Бас имам Бейбіт Әліпбекұлы мен "Ақсарай" мешітінің имамы, "Һибатулла Тарази" медресесінің директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы бастаған топ мүгедек баласы бар отбасыларға және көпбалалы жанұяларға пісте май, түрлі көкөністер, шай, қант, макарон, күріш, шұжық сынды қажеттіліктер салынған пакеттерді таратты. 

Қайырымдылыққа жұмсалған қаражат - 180 000 теңгені құрады. Аз ғана садақа көп бәлені қайтарады емес пе! Мұндай жәрдем жасап, жүректері жайқалған жастар алда тағы да жақсылық жасауға ниетті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: