Шу ауданында имамдармен онлайн режимде жиналыс өтті

Шу ауданында имамдармен онлайн режимде жиналыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы, келе жатқан қасиетті Рамазан айына байланысты ауданға қарасты барлық  дін қызметкерлерімен онлайн түрде жиналыс өткізді.

Атап айтатын болсақ, бас имамның Рамазан айымен құттықтауымен ашылған бұл отырыста, бірнеше маңызды мәселелер көтерілді. Әуелі Аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы, Жамбыл облысына Бейбіт қажы Әліпбайұлы Мырзагелдиев бас имам болып тағайындалғанын жеткізіп, сондай-ақ, қысқаша еңбек өтілі жайында да айтылды.

 Рамазан айында карантинге байланысты тарауық намазды үйлерінде оқу. Мейрамхана, асханалар мен мешіт аулаларында ауызашарларды ұйымдастырмау, қайырымдылық шараларын шама-шарқына қарай ұйымдастырып отыру. Мешіт тазалығына мән беріп, дезинфекция жұмыстарын жасауды тоқтатпау. Сондай-ақ, пітір садақасы, фидия, зекет мәселелеріде сөзге тиек етілді.

Жиналысқа қатысқан ауыл имам-молдалары аталмыш шараға байланысты ойларын бөлісіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы жиналыс соңында ауыл имам-молдаларының істеріне сәттілік тілеп, батасын берді.

 Талғат Кәрібайұлы

 Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: