Бас имам қала мешіттерін аралады

Бас имам қала мешіттерін аралады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облысының бас имамы Тараз қаласындағы мешіттерді аралады. Бейбіт қажы Мырзагелдиев ең әуелі қалалық "Кеңесхан қажы" мешітіне келіп, ұжымымен танысты. Облыс бас имамына қаланың бас имамы Ғазиз Ахметов  ғимаратты көрсетіп, Бейбіт Әліпбекұлы қала мешіттерін жаңа қызметінде бірінші рет аралап шықты. Кіреберіс-шығаберіс жерлердегі халыққа жасалған мүмкіндіктерін, жағдайын байқады, жамағаттың ахуалы жайлы мәліметтерді сұрап, талдау жасады. Ғимараттың орналасуына баға берді.

Кейін ғасырлық тарихы бар "Әулие-ата" мешітіне келіп, ескі мен жаңа ғимараттарды жеке аралап, ауыстыру, жаңалау керек болған орындардың, заттардың үлгісін сұратты. Мешітті жөндеуден өткізу керектігін тілге тиек етіп, өзі де осы істі қолға алатынын атап өтті. Бейбіт қажы көненің көзі болған "Әулие-ата" мешітінің имамына нақты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар  бас имам ежелгі "Дәметбай" мешітін аралап, ол турасында мәліметтер алып, имамымен тілдесті. Ескі ғимараттың жанынан тұрғызылған жаңа мешіттің көз тартар кереметтігіне тамсанып, тірексіз тұрғанына таңқалып, рамазан айына байланысты хабарландыру айтты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: