Меркі ауданы: Ауыл имамдарының онлайн жиыны өтті

Меркі ауданы: Ауыл имамдарының онлайн жиыны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте қасиетті Рамазан айының басталатын күнін мәлімдеді.

Осы эфирдегі мәлімдемеден кейін, облысымызда жаңа тағайындалған бас имам Бейбіт Мырзагелдиев онлайн желісі арқылы қала және аудан мамандарымен қашықтықтан жиын өткізді. Бас имам халқымыздың көптен күткен қасиетті Рамазан айына санаулы күндер қалғанына, сол күндерге аман-есен жетуімізге Алладан жарылқау тілеп, қала-аудан имамдарына жүрек жарды құттықтауын жеткізді.

Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты облысқа қарасты барлық мешіттерде бес уақыт намаз, жұма намазын оқуға шектеу қойылғанын, бұл деген уақытша өтпелі кезең екенін, халықпен бірге төтенше жағдайдың талаптарын бұлжытпай орындап, халықпен бірге болайық, сонда ғана бұл кесапат індетті жеңеміз – дей келе Рамазан айында оразаға қатысты біраз мәлімдеме жасады.

Бас имам өз мәлімдемесінде ораза ұстауға болатындығы, тарауық намазы мешіттерде оқылмайтындығы, асханаларда ауызашар берілмейтіндігі, бірақ тарауық намазын үйде, жанұя мүшелерімен оқылатындығы, 24-ші сәуір оразаның бірінші күні екені жөнінде айтып өтті.

Ораза күндері жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуді назарға ұстауды ескертті.

Бас имамның мәлімдемесінен кейін ертесіне ауыл имам-молдаларына Рамазан айындағы ораза шарттары whatsapp желісі арқылы таратылды. whatsapp желісі арқылы ауыл имам-молдаларына Рамазан айына байланысты тапсырмалар берілді.

Рамазан айына санаулы күндер қалды, осы күндер арасында мешіттердің ішкі-сыртқы тазалықтары, әктеу-сырлау, тұрғылықты халыққа төтенше жағдайға байланысты оразаның шарттарын түсіндіру, ораза кестесі облыстан толық мәлімдеме келген соң, интернет желісі арқылы, аудандық баспасөз беттерінде жарық көреді және таратылады.

Аудандық орталық «Меркі ата» мешітінде асхана істемеуіне байланысты ауызашар берілмейді. Дегенмен, асханада ораза күндері ас даярланып, жағдайы төмен, көп балалы жанұяларға, мүгедек жандарға ауызашарға ыстық тағамдар даярланып таратылады. Бұл ізгі іс қазірден қолға алынып, асханаға азық-түлік мәселесімен айналысудамыз.

Облыс бас имамының тапсырмасына орай  мұқтаж жандардың тізімі жасалып, қайырымдылық көмекке мұқтаж отбасыларға ораза күндері азық-түлік, қаржылай көмек көрсетіледі.

Батырбек Қасымалиев

Меркі ауданы аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: