Шуақты Шу өлкесіндегі қайырымдылық жалғасуда

Шуақты Шу өлкесіндегі қайырымдылық жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Қайырым қылсаң, қайырын өзің көресің" деген дана халқымыз, «Көршісі аш отырып, өзі тоқ отырған бізден емес» деген ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисін негізге ұстанып, көрші-қолаң, жарлы-жақыбайларға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жағдайы төмен отбасыларға жақсылық жасап, қайырым садақаларын беріп, қол ұшын созып жәрдемші бола білген.

Шу ауданы имам-молдалары да жандары жайсан, жомар азаматтардың басын қосып, өз ауыл тұрғындарына біршама қайырымдылық шараларын өткізді.

Атап айтатын болсақ, Көкқайнар мешітінің молдасы Оразбаев Темірлан 2кг макарон, 2кг күріш, 2лт сұйық май, 2кг конфет, 1кг қант, 1кг тұз, және 1 өгізбен 5 қой сойып 15 отбасына таратты. Жұмысалған қаражаты - 365.000 тг.

"Баласағұн" мешітінің молдасы Джаманкеев Байұзақ болса, 4 қой сойып, еттерін және 1кг конфет, 1кг қант, 28 отбасына үлестірді. Жұмысалған қаражаты - 200.000 тг болды.

"Бөлтірік" мешітінің имамы Мұңалбеков Біржан 4 қой сойып, етті 14 отбасыға үлестірді. Қаражаты - 160.000 тг.

"Рақыш-ата" мешітінің имамы Ақпанов Ерғазы 1 қой сойып, 4 отбасын еттерін үлестірді. Қой бағасы - 50.000 тг.

"Қонаев" ауылдық мешітінің молдасы Мустафаев Ваид 4 қойдың етін 30 отбасыға таратты. Қаражаты - 120.000 тг болды.

"Күнту баба" мешітінің имамы Әуесбаев Берік 1 қой етін 7 отбасыға үлестірді. Жұмысалған қаражаты - 45.000 тг.

Ал "Қойайдар" мешітінің имамы Смайыл Аян болса 1 қой сойып, етін 7 аз қамтылған отбасыға үлестірді. Қаражаты - 50.000тг болды. Жалпы мәліметін беретін болсақ, 1 өгіз, 16 бас қой сойылып, 105 отбасына берілді. Барлығына жұмысалған қаражат саны - 882.000 тенгенің басын құрады.

Алдағы уақытта да осындай игі іс-шара жалғасын табатын болмақ.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: