Жамбыл имамдарына онлайн жиналыс жасалды

Жамбыл имамдарына онлайн жиналыс жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен онлайн брифинг өткен болатын. Осыған орай, Жамбыл облысының имамдарына арналған онлайн мәжіліс өткізілді. Облыстың жаңа бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының алғашқы онлайн жиналысына найб имамдар, қала және аудан имамдары қатысты.

Жиында келе жатқан қасиетті Рамазан айын өткізу шаралары талқыланды. Атап айтқанда, ораза айының кестесі енді әлеуметтік желілерде, сондай-ақ бүктеме қағаз түрінде де халыққа қол жетімді болмақ. Халықты коронавирустан қорғау мақсатында көпшілікке ауызашарлар жасауға шектеу қойылды. Әркім ауызашар мен тарауих намазын өз үйінде өткізетін болды. Егер тұрғындар осындай сақтық шараларына қатаң мән берсе, пандемияның тездетіп жойылуына, таралмауына сеп болмақ.

Жиында имамдар тарапынан ұсыныстар айтылып, сауалдар да қойылды. Талас ауданының бас имамы Нұрсұлтан Алиевтың "ауызашардың орнынына мешіт асханасында тамақ дайындап, жағдайы мүшкіл отбасыларға ауызашар ретінде таратайық" деген ұсынысын бас имам қолдады. Карантин уақытында қайырымдылық шараларын көбірек ұйымдастырып, мұқтаждарға қолғабыс болу мәселесі жоспарға қойылды.

Дін мамандарына бірқатар жаңа тапсырмалар беріліп, нақты міндеттер жүктелді.

Айта кету керек, Рамазан айы сәуірдің 24 күні басталады.

 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: