Жамбыл облысы: Рамазан айына дайындық пысықталды

Жамбыл облысы: Рамазан айына дайындық пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Рамазан айы қарсаңында дәстүрлі Төралқа мәжілісі өтті. Осыған орай, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев қала және аудан имамдарымен онлайн жиналыс өткізді. Жиынға "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамдары мен мешіт қызметкерлері де қатысты. 

Мәжілісте бірер күннен соң басталатын айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айындағы іс-шаралар, мен айтулы күндер, діни рәсімдер мәселесі тілге тиек етілді. 

Мәлім болғандай, рамазан сәуір айының 24-ші жұлдызында басталса, 23 сәуірден бастап тарауық намазы оқылады. Биыл ораза 30 күнге толып отыр. Ал пітір садақасы жан басына - 370 теңге, ораза ұстай алмайтын адамдар үшін фидия әр күн үшін 1700 теңге болып бекітілді. 

Карантин жағдайына байланысты мешіттерде тарауық намазы оқылмайды және ауызашар өткізбеуге кеңес беріледі. Оның орнына тамақ алынатын астын ақысын мұқтаждарға ауызашар ретінде беріп, я дәмханаларға тапсырыс беру арқылы іске асыруға болатындығы жайлы халықты игілікке шақыру насихатталды. Ораза айт мерекесі 24 мамырға белгіленіп отыр. 

Дін мамандары осы сынды бір қатар мәселелердің түйінін тарқатып, бас имам тарапынан нақты тапсырмалар алды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: