БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА БІЗ БІРГЕМІЗ АТТЫ АКЦИЯ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА!

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА БІЗ БІРГЕМІЗ АТТЫ АКЦИЯ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дүниежүзін дүрліктірген COVID-19 індетіне қарсы елімізде жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз біргеміз» атты және Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық жобалары аясында Жамбыл облысы Байзақ ауданында 50 отбасыға азық-түлік және ет салынған пакеттер таратылды.

Шараға  Байзақ аудандық мешітінің жаңашыр ағаларымен мешіт жамағатынан құралған еріктілер тобы атсалысты. Аудан орталығында тұратын және ауданға қарасты ауылдық округтерде тұратын  әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасыларға күнделікті тұтынатын, аса қажетті азық-түлік  пен ет жеткізілді. 50 мұқтаж отбасыға жеткізілген әрбір пакетте: 5кг ұн, 2кг күріш 2кг қант, 8кг ет өнімдерін қамтылған азық-түлік пен ет үлестірілді.

Мұндай қайырымдылық шаралары әлі жалғасады. Елдегі төтенше жағдай мерзімі аяқталғанша, тұрмысы төмен жерлестерімізге қажетті көмек көрсету көзделіп отыр.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: