Шу ауданында "Біз біргеміз" акциясы жалғасын табуда

Шу ауданында "Біз біргеміз" акциясы жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық Төле би мешітіне қарасты ауылдық мешіттерінің имам-молдалары «Біз біргеміз» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, жағдайы төмен отбасылармен мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түліктей көмектерін көрсетті. 

Атап айтатын болсақ, Қойайдар мешітінің имамы Смайыл Аян 5 отбасына 3кг күріш, 4кг макарон, 1 дана шәй, 1лт томат, 2лт сұйық май, 1 дана тұз, 3кг печеньеден үлестірді. Жұмысалған қаражаты 65.000тг құрады.

Бірлік мешітінің молдасы Жұматаев Медет 4 отбасына, 1лт сұйық май, 1лт томат, 1кг печенье, 1кг конфет, 1кг макароннан үлестірді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына 100 дана медициналық бетперде және дезинфекциялық сұйықтықтар таратты. Жұмысалған қаражат саны- 40.000 тг құрады.

Бірлік-үстем мешітінің молдасы Пралиев Жетпісбай 10 отбасына 10қап ұн, 50лт сұйық май, 10 дана шәй, 150кг макарон, 50кг қант үлестірді. Жұмысалған қаражат саны 534.000 теңге болды. Жалпы қайырымдылық шарасына жұмысалған қаражат саны- 639.000 теңгені құрады.

Халықтың мұңын бөлісіп, имам-молдалардың сөздерін жерге тастамай, қайырымдылық шараларына ат салысып жүрген, ер азаматтарымызға Алла разы болсын. Кәсіптеріне береке, істеріне сәттілік тілейміз.

Талғат Кәрібайұлы

 Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: