ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - АДАМИ ҚАСИЕТ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - АДАМИ ҚАСИЕТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құран Кәрімде: “Кімде-кім мысқалдай (тозаңның салмағындай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады,”-дейді (Зілзала сүресі, 7 аят). Тегінде, қайтарымы үшін ғана емес, адамгершілік қасиеттен айырылмау үшін жақсылық жасауды әр жан парыз санауы тиіс. Сонда жүректегі иман, дүниедегі ізгілік атаулы сақталады. Адамның өмірін нұрландыратын, көңілін қанаттандыратын осы жан қалауымен жасалған жақсылық.

Бұл орайда Талас ауданындағы Ақкөл ауылының 1979 жылы туылған азаматтарының ізгілікке толы істері көпке үлгі. Бір атаның баласындай ортақ жұмысқа жұмыла білетін олардың ұйымшылдығы жергілікті тұрғындарға жақсы мәлім. Бұдан бұрын да ауыл ішіндегі бірқатар игі іске бастамашы болған азаматтар бұл жолы да ізгі дәстүрді жалғастыруды жөн көріпті.

Ақкөл ауылының мешітінде округтегі 23 тұрмысы төмен отбасына күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік (қант, ұн, сұйық май, күріш, макарон т.б) өнімдерін таратып берді. Сондай-ақ, ірі қара малын сойып, етін түгелдей көмекке мұқтаж отбасыларына үлестірді. Бүйрегі ауылға бұрып, көмегі ағайынға әзір тұратын азаматтарға жұртшылықтың ризашылығы шексіз.

Аудандық «Қаратау» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: