Қайырымдылық: Бас имам жамбылдықтарға амандық тіледі

Қайырымдылық: Бас имам жамбылдықтарға амандық тіледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде пандемияға байланысты төтенше жағдай орнап, мешіт есіктері уақытша жабылғанымен қайырымдылық ешқашан толастамайды. Оны бүгін ғана өткен әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж кісілерге арналған көмек көрсету шарасы растайды.

"Һибатулла Тарази" мешітінде өткен игі шарада 12 отбасыға жәрдем қолы созылды.  Оның ішінде 10 отбасыға азық-түлік үлестірілсе, 3 адамға қаржылай көмек көрсетілді. Шараға жалпы 75 мың теңге қаражат жұмсалды. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Қанат Жұмағұл келген көпшілікпен бірге коронавирусқа байланысты Алладан пана сұрап, дұға жасасты. Адамзат тарихында кезінде де бұл сынды түрлі аурулар болып, одан да аман құтылғандығымыз жайлы тілге тиек етіп, шариғаттағы шырайлы өсиеттер мен шыншыл аяттары ұласқан кішігірім көркем уағыз айтты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: