Әйелдер жамағаты күнде бір рет хатым түсіруде

Әйелдер жамағаты күнде бір рет хатым түсіруде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемді алаңдатқан коронавирус індетінің елімізге де келіп, жайылуы тіпті Алла үйлерінің де уақытша карантинге жабылуына әкеліп соқты. Алайда оған қарамастан жамағат бірлесе дұға жасаудан ажырамады. 

Бас мүфтидің үндеуімен, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Алдасаеваның бастамасымен Жамбыл өңірінің әйелдер жамағаты з үйлерінде отырып, құран параларын бөліп алу арқылы күнде 1 рет хатым түсіруде. 

Еліміздегі жағдайларға байланысты Алладан амандық, күллі әлемнің пандемиядан құтылып, саулықта боуын ең бастысы көпшілікпен бірге тілеу, бірлесе дұға жасау мақсат болды. Бұл әрекетті жамағат аурудың таралуы басылғанша жалғастыра бермек.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: