Індетпен күрес

Індетпен күрес

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күллі әлемге жайылған жұқпалы індет, елімізді де айналып өткен жоқ. Кірген сәттен бастап, Мемлекет тарапынан төтенше жағдай жарияланып, қауіпсіздік іс-шаралар қолға алынды. Халыққа түскен үлкен сынақ болып тұр. Залалсыздандыру іс-шаралары аудан мешіттерінде жұқпалы індетке қарсы белгіленген нормаларға сай жүргізіліп жатыр, антисептик құралдары барлық мешіттерде қойылған.

Мешіт жамағаттары арасында түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр, ешқандай керітартпа ұғымдар жоқ. Үгіт-насихаттар жүргізудің бір көрінісі ауданның бас имамы Қасымалиев Батырбек қажының ұйымдастыруымен, ауданда еріктілерден топ ұйымдастырылып, халық арасында жұқпалы індеттен қорғану мақсатында мыңдаған бетперде маскасы тегін таратылды.

Басқада қайырымдылық іс-шаралары қолға алынып, жағдайы төмен жандарға осындай сынақтан қиыншылық көрмей, ел қатарлы аман-есен өтуі үшін аудан тұрғындары жұмыла көмек көрсетуде. Жақсылық күндерге жетуге Жаратушы Иеміз Алла Тағала барша халыққа нәсіп етсін.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: