Жамбыл имамдары Бас мүфтидің Құран оқу үндеуіне үн қосты (ФОТО)

Жамбыл имамдары Бас мүфтидің Құран оқу үндеуіне үн қосты (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла тағала бұл уақытқа дейін де адамзат тарихында түрлі сынақтар мен індеттер жайылған кезеңдерді жіберді. Ол уақытта тарихта өтпелі болып қалды. Аурудан құтылудың, шипаны сұраудың ең басқы әдебі - дұға. Әлбетте, әрбір жақсылық пен жамандық та Алладан. 

 Күллі әлемді уайымға салған COVID-2019 жұқпалы індетіне қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти барлық мұсылмандарды дұға жасауға, құран оқып, хатым түсіруге, тәһәжудке тұруға шақырған болатын.

Осы үндеуге үн қосқан Жамбыл облысының Бас имамы Қанат Жұмағұл бастаған өңір имамдары бүгін ақшам уақытында қасиетті Құран Кәрімді қолға алып, қала мен аудандардағы хафыз, қариларды жинап хатым Құран оқыды. 

Құранды толықтай оқып шыққан имамдар ел амандығы, әлемге таралған пандемияның емін беруді, амандық, жұртымызға тыныштық тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: