Індеттен сақтану шаралары белсенді жүргізілуде

Індеттен сақтану шаралары белсенді жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Коронавирус індетінің Қазақстан аумағына тарауына байланысты, ауданға қарасты елді-мекендердегі барлық мешіттерде індеттен сақтану шаралары жасалып жатыр. Аудандық санитарлық станция мекемесінің қызметкерлері мешіттерде санитарлық іс-шаралар жүргізді. Мешіт қызметкерлері және жамағаттан құралған топ, мешіттердің іші-сыртын, әжетхана, дәретхананы қауіпті микробтарды болдырмау үшін химиялық қоспасы бар заттармен жуып шықты. Жуынып-шайынатын барлық бөлмелерде ингредиенттерден жасалған сұйық бөтелкеге құйылып қойылды. Сұйық және микробтарға арналған химия қоспасы бар сабындар қойылды.

Жаратушы Иеміз Алла Тағаладан жарылқау тілеп, аудан мешіттерінде «Жақсымбет» мешітінде 2 қой құрбан шалынып 15 отбасыға, орталық «Меркі ата» мешітінде 3 жасар іріқара бұқа сойылып 260 кг ет 45 жағдайы төмен отбасыларға таратылды.

Бұл іс-шаралар халықтың амандығына істеліп жатқан игі амалдар.    

Аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: