Жамбыл облысы: Орталық мешітте кешенді дезинфекция жасалды

Жамбыл облысы: Орталық мешітте кешенді дезинфекция жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күллі әлемді дүрліктіріп, күн санап өршіп келе жатқан коронавирус пандемиясына қатысты мемлекетіміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде аурудың жайылуына байланысты Жарлыққа қол қойып, бүгін тікелей эфирге шыққаны белгілі. 

Осыған орай, елімізге төнген қатердің алдын алу мақсатында сақтық шаралары тағы да күшейтілді. Жамбыл облысының орталық "Һибатулла Тарази" мешіті, әйелдер намазханасы жанында орналасқан "Һибатулла Тарази" медресесі толықтай арнайы аппараттармен залалсыздандырылды. 

Бүгін ғимаратқа арнайы мамандар келіп, "агран" химялық қоспасы бар "ыстық пар" деп аталатын құралмен кешенді (комплексный) тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұдан өзге де шаралар қарастырылып, күн сайын қауіпсіздік жағдайы артуда. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: