Жамбыл облысының мешіттерінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Жамбыл облысының мешіттерінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлем жұртын алаңдатқан алып індет коронавирус күн санап өршіп келеді. Көптеген елдерді жалмаған ауру біздің мемлекетке де жетті деген хабарды көпшілік естіп те жүр. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өзіне де, өзгеге де зиян келтіруге болмайды», – деген. Ал халқымызда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген нақыл бар. Пандемияның жайылуының алдын алу шараларына қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үндеу жариялап, сақтық шараларын күшейтуге шақырған болатын. 

 Осыған орай, Жамбыл облысының барлық мешіттерінде аурудың алдын алу шаралары басталды. Орталық "Һибатулла Тарази" мешітінен бастап арнайы залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстары жүргізіліп, құлшылық ордасының көптеген жерлеріне медициналық тазартқыш құралдары орнатылды. Есіктің тұтқалары, текпешек тұтқасы сынды барлық жерлер хлорланып, дәкемен оралды, сұйық су сабындар белгіленген жерлерге қойылды. Гигиеналық ережелер жазылған арнайы парақшалар жабыстырылып, қажетті мағлұматтар келушілерге ұсынылды. Намаздағы, жұма уақытындағы сақтық шаралар жайлы ескертілді. Жамағатқа арналған бетперде үстелі орнатылды. 

Тазалық шараларына мешіт имамдары мен тазалық жүргізуші қызметкерлер қатысты.  Алла тағала бұл індеттен барша бұқараны сақтасын!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: