Халал даму комиссиясы "Әулиеата Феникс" фабрикасын аралады

Халал даму комиссиясы "Әулиеата Феникс" фабрикасын аралады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысындағы халал сертификатын алған кәсіпорындар мен өндіріс фабрика, цехтарды тексеру жүргізіліп жатыр. Бүгін  Нұр-сұлтан қаласынан келген арнайы комиссия "Әулиеата Феникс" құс фабрикасына барып қайтты. 

ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі, "Халал даму" ЖШС директоры  Сейітбеков Смайыл Сүйірқұлұлы, "Халал даму" ЖШС эксперт-технологы Арай Бақытқызы, "Халал даму" ЖШС технолог маманы Еркетаң Мақсутова, ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов халыққа халал құс етін ұсынып отырған орынды толықтай аралап, тазалық жағдайы, еттің талапқа сай болуын қарады. 

Тексеріс барысында комиссия фабрикаға оң баға берілді. Жұмысшылары мен басшылығына жетістіктер тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: