Бүгін Жамбыл ауданында көктемнің алғашқы мерекесі "Алғыс айту" күніне арналған іс-шара өтті. Халықты бір-біріне рақмет айтуға шықыратын бұл күн үшін арнайы аудан әкімшілігінің алдында отырыс алаңы жасалып, қоғам қайраткерлері, қариялар, ауыл халқы шақырылды.
Іс-шараға "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев қатысып қайтты. Көпшілік алдында сөз сөйлеп, алғыс айтудың маңызы, адамдардың қарым-қатынасына тигізер пайдасы, Аллаға шүкіршілік турасында баяндады.
Сонымен қатар Жамбыл ауданының әкімі Арубаев Сәкен Қаланұлы да халыққа құттықтау айтып, алғыс білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



01 Қараша 2025
10 Джумада-авваль 1447

