Еріктілердің ерен еңбегі

Еріктілердің ерен еңбегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауа-райының жылуына байланысты, 26 ақпан күні орталық «Меркі ата» мешітінде, Меркі кәсіптік-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен алғаш рет «Еріктілер» тобы құралып, 20 ер және қыз балалар сенбілік жұмыстарына қатысты. Еріктілер мешіт әжетханасын, дәретханасын, мешіттің есік-терезелерін, бөлмелерін тазалады. Мешіт төңірегіндегі 50 түп жеміс ағаш, 20 түп гүлдердің түбін қопсытып, бұтақтарын ретке келтірді. Жол бойындағы, мешіт төңірегіндегі қоқыстарды жинап, жиналған қоқысты «Жасыл Меркі» мекемесінің жұмысшылары автотехникаға тиеп алып кетті.

Наурыз мерекесінің қарсы алдында Еріктілердің қатысуымен 30 жеміс тал, 20 түп шырша, 50 түп гүл отырғызу жоспарлануда. Сенбілік шаралары ауыл мешіттерінде де ұйымдастырылуда.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: