Халал ас жайлы әйелдер семинары жүргізілді

Халал ас жайлы әйелдер семинары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен халал ас жөнінде семинар өтті. Іс-шараға ҚМДБ "Халал даму" ЖШС-ның сарапшы технолог маманы Арай Бақытқызы, сектор жетекшісі Гүлжан  мен әйелдер жамағаты қатысты. 

Отбасы үшін ас даярлайтын да, азық-түлік таңдайтын да, балардың тамағына жауапты да әйел адамдары болғандықтан бұл дәріс нәзік жандылар үшін аса қажетті. Жамағат адал ас жайында жиналып қалған сауалдарына да осы кездесуде жауап тапты.

Адал ас ішудің рухқа, денсаулыққа пайдасы жайлы ұстаздардан естіп жүрген әйелдер енді сол ас қайтсе адал болмақ, тағамдағы пайдалы, зиянды қоспалар қайсысы деген тақырыптарда дәріс тыңдап, өмірлік қажетті білім алды. 

Қатысушылар үшін арнайы слад көрсетіліп, қоспалар жайы бүгей-шегейлі түсіндірілді. Астың адал болмағы біздің рухани жай-күйімізге әсер етеді. Ол - дәлелденген дүние. Ендеше, сіз де халал сертификаты бар тағамдарды біле жүріңіз.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: