Әйелдер жамағаты "Алғыс айту" күнін өткізді

Әйелдер жамағаты "Алғыс айту" күнін өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз "Алғыс айту" күніне арналған іс-шара өтті.

Игі жиын мешіттің сауат ашу курсының шәкірттері, жамағат арасында татулықты, бірлікті күшейту мақсатында, көпшіліктің бір-бірімен танысып, араласуы үшін жасалған болатын. Жиында адамға алғыс айтуың жолдары, Аллаға шүкір айтудың маңызы сөз болды. Сонымен қатар бас қосуда сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева елдегі болып жатқан соңғы уақыттағы қоғамдық жайтарға тоқталып өтті.   

Қордай ауданында болған ұлтараздық мәселені тілге тиек еткен ұстаз өз сөзінде: "Біз Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Тіпті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) арабтардың басқа ұлттардан үстем емес екіндігі жайында айтқан хадисін жеткізіп, Алла алдында ұттың емес тақуалықтың қаралатынын айтты. Жаратушы Алла тағаланың қасиетті Құрандағы "Хужурат" сүресі, 13-аяттын келтіріп: «Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам ата мен Хауа анадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлт-ұлыстарға, ру-тайпаларға бөлдік.Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуа болғандарың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы» деді Гүлжан Серікқызы. 

Айта кету керек, сауат ашу курсында қазақ ұлтынан өзге қырғыз, өзбек, орыс, татар, түрік, дүнген, тәжік ұлттары да білім алуда. Міне, осы татулықты бұзбай бір болуға шықырған бас қосуда көпшілік бір-біріне алғыс айтып, әсерлі уағызды жандарына түйді. Ас үстіндегі салихалы кездесу қыз-келіншектердің рухани-психологиялық санасына пайдалы білімді сіңдіргені сөзсіз.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: