Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінде «Халал» сертификатын алған өндірістердің өнімдері ұсынылған жәрмеңе өтті. Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Қанат Жұмағұл, Нұр-сұлтан қаласынан келген ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі, "Халал даму" ЖШС директоры Сейітбеков Смайыл Сүйірқұлұлы, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының сарапшы-технолог мамандары қатысты.
ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының жетекшілігімен жұма намазынан соң өткен іс-шараға сауда орталықтарының басшылары, қала тұрғындары келіп қатысты. Ал көпшілікке ЖК Досматов, ЖК Тахир, ЖК Исматов, «Әулиета құс», «Дас», «Ақниет», ЖК Қыдырбаев сынды 10 шақты халал өндіріс орындарының өнімдері ұсынылды. Жәрмеңкеде шұжық, дайын қамыр, ет, фарш, тауық еті де болды.
ҚМДБ «Халал Даму» ұйымының Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов Жамбыл облысын «Халал шұжықтың орталығы» деп атады. Өйткені Қазақстан бойынша халал сертификатын алғандардың ішінде 25-30 пайызы Жамбыл облысынан шығатын тағамдар. Жәрмеңке аталған халал тағамдарға жарнама жасай отырып, халықты адал ас тұтынуға шақырды.
Айта кету керек, ҚМДБ халал сертификатын тек Қазақстан фабрика, цехтары ғана емес, көршілес Ресей сынды елдер де алып жатқанын, алуға тырысып жатқан-ды.
Бұл көрсеткіш арқылы ҚМДБ «Халал Даму» жұмысының, зертханасының шариғат талаптарына сай болуды қаншалықты қатаң тексеретінін аңғаруға болады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі