Экстремизм мен терроризмге жол жоқ

Экстремизм мен терроризмге жол жоқ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық Төле би мешітіне қарасты Көкқайнар ауылы, Көкқайнар мешітінің молдасы Оразбаев Темірлан, ауыл әкімшілігі ішкі саясат мамандарымен бірлесе отырып, Саттар Естемесов атындағы орта мектептің оқушылары қатысқан алқалы жиын өткізді. Жиынның негізгі мақсаты, жастардың миын улап жүрген теріс пиғылды ағымдардың алдын алу. Сана сезімдерін дұрыс бағытқа негіздеу.

Аталмыш тақырыпта уағыз айтқан Оразбаев Темірлан, мектеп оқушыларына кез келген адамдардан діни білім алмау жайында тілге тиек ете келе, оның зиянды жақтарында баса қадап айтты. Уағыз тыңдаған оқушылар, қол көтеріп сұрақтарында қойып үлгерді.

Осындай игі іс-шараның болуына ат салысқан мектеп мұғалімдеріне және ауыл әкімшілік ұжымына, ауыл молдасы алғысын жеткізді.

                                        

                                                   Талғат Кәрібайұлы

                         Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: