Дін экстремизм мен терроризм талай адамды ақ жолынан адастырып, сергелдеңге түсірді. Осынау адамзаттың рухани індеті болған теріс бағытпен күрес әлі де қарқынды жүргізіліп жатыр.
Осыған орай, "Һибатулла Тарази" медресесінде экстремизмнің алдын алу, оның әкелер сардаптарын түсініп, онымен күресу мақсатында шәкірттерге "Сығым" фильмі көрсетілді. Көрерменге жаңа жол тартқан аталған кино қарапайым қазақтың отбасында болған оқиғаларға баға беріп, күә болып, өмірде болып жатқан жағдайларды тізбектеп жеткізер көркем де қызықты сюжеттерге толы.
Көрсетілімге медресенің барлық шәкірттері мен ұстаздар қауымы қатысты. Шындықтың жалауын желбіреткен оқиға көпшілікке терең ой салғаны сөзсіз. Ал фильм болашақ исламтанушылар үшін қажетті дүние болды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі