Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінде ақшам мен құптан намазының арасында кезекті уағыз өтті. Бұл жолғы насихатты ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі, "Халал даму" ЖШС директоры Сейітбеков Смайыл Сүйірқұлұлы жүргізді.
Білікті маман халыққа "Халал" турасында, осы тақыпты жан-жақты қамтыған, мағұлматқа толы үгіт айта отырып, көпшіліктің сауалдарына дәйекті жауаптар беріп өтті.
Жамағатқа арнайы дайындалған слайд көрсетіліп, ас өнімдерін жасауда халал мен харам заттарды ажырату тұрғысында баяндады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибаулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі