Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде халал өнімдерін стандарттауға қатысты семинар өтті. Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Қанат Жұмағұл, арнайы алыстан ат артып келген ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі, "Халал даму" ЖШС директоры Сейітбеков Смайыл Сүйірқұлұлы, "Халал даму" ЖШС эксперт-технологы Арай Бақытқызы, "Халал даму" ЖШС технолог маманы Еркетаң Мақсутова және ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов қатысты.
Іс-шараға халал стандартының сертификатына ие болған кәсіпорындар шақырылды. Мәжілісте халал ұғымы туралы мағұлматтар беріліп, халал ас жеудің оны ұсынудың пайдасы турасында сүбелі сөздер айтылды. Халал өнімдер мен харам заттар жөнінде слайд көрсетілді.
Сонымен қатар шарада "Халал даму" ЖШС-мен жұмыс жасап жүрген 26 кәсіпорынға алғыс хат берілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.