Көңіл сұрау – қанымызға сіңген салтымыздың бірегейі. Ол адамды құрметтеудің нышаны. «Аурудың емі – саудың сәлемі» деп келеді қазақ елі. Ал хадис шәрифтерімізде «Науқастың көңілін сұрап барған адам қол алысып амандассын. Қолын науқастың маңдайына қойып, жағдайын сұрасын және оған шипа, ұзақ өмір тілесін, одан дұға сұрасын. Өйткені науқастың дұғасы – періштелердің дұғасы сияқты». (Бәйһақи)
Осы мақсатта Масаншы ауылындағы өткен қайғылы жағдайға душар болған Қаракемер ауылының қариасын Қордай ауданының бас имамы Даурен Нұржанұлы «зиярат жасап, науқастың қал-жағдайын сұрап, тезірек жазылып кетуін тілеп, батасын алып қайтты.
Қордай мешітінің баспасөз қызметі