Бүгін Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиздің төрағалығымен ауданға қарасты ауыл имам молдалардың жиналысы өтті.
Жиналыста аудан бас имам: "Құрметті әріптестер алдағы айда Жамбыл облысы бойынша аттестация болады. Соған байланысты әрбір имам осы тестке жауапкершілікпен қарауы шарт" - деп емтиханда сұралатын III имамдар форумында қабылданған құжаттардан, құран кәрім, тәжуид қағидалары бойынша сұрақ-жауап ауызша болатындығын, ақида, фиқһ пәндеріндегі сұрақтарға компьютермен, жауап беретіндерін айтты.
Мамандар алда келетін сынақтарға дайындықтарын пысықтап, біліктіліктерін арттыруға дайын екенін білдірді.
Байзақ ауданының баспасөз қызметі.



09 Қараша 2025
18 Джумада-авваль 1447

