Жамбыл: "Халал" сертификатына ие кәсіпорындарға тексерісу жүргізу басталды

Жамбыл: "Халал" сертификатына ие кәсіпорындарға тексерісу жүргізу басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Халал" сертификатына ие болған Жамбыл облысындағы барлық  кәсіпорын тексерістен өтуде. Алғашқы болып сараптама комиссиясы Тараз қаласынан шығатын "Ақниет" шұжығы шығарылатын цехқа аяқ басты.

Комиссия құрамында ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі, "Халал даму" ЖШС директоры  Сейітбеков Смайыл Сүйірқұлұлы, "Халал даму" ЖШС эксперт-технологы Арай Бақытқызы, "Халал даму" ЖШС технолог маманы Еркетаң Мақсутова, ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов болды.

Мамандар сертификат алған өнеркәсіптердің талапқа сай қызмет атқаруын тексеріп, ғимараттарды толық аралап шықты. Өнімдерді сараптап, баға берді. Комиссия мүшелері шаһарда 3 күн бойы тексеру жұмыстарын жүргізетін болады.

Ақерке  БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: