Байзақ ауданы Жақаш ауылында аудандық мешіттің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаевпен кездесу өтті.
Жиынға жастар мен ауыл тұрғындары қатысты. 7 рухани қазына тақырыбын арқау еткен жүздесу шариғат төңірегіндегі түрлі мәселелерге тоқталып, көшіліктің көкейкесті сауалдарына жауап берді.
Рухани байлық, оны көбейтудің жолы, имани тәрбие сынды мәні зор кеңестер беріліп, еркін сұхбат та өз орнын тапты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.