ҚМДБ-ның Жастар ісі жөніндегі Сарысу ауданындағы өкілі Шадиев Алмат Берікбайұлы мен Сарысу аудандық мешітінің жамағаты Тараз қаласындағы Пірманова №193 балалар үйіне зиярат етті.
Жастар ісінің сәуір айындағы жоспары бойынша ата-анасыз қалған балдырғандармен тілдесіп, оларға көмек жасалды. Іс-шараға 200 000 тг көлемінде қаражат жұмсалды.
"Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады" дейді дана халқымыз. Ал жетімін жылатпаған еліміздің ұстанымы бойынша оларға қамқор болу - сауапты да игі іс.
Сарысу ауданының баспасөз қызметі.