Кеше Шу аудандық Нұр Отан партиясы мәжіліс залында 2018-2020 жылдарға арналған діни эксртемизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл әрекеттері жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша мәселелер талқыланды.
Жиынға ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфтидің кеңесшісі Б.Нұржігітұлы, Терроризмге қарсы комитет республикалық қоғамдық бірлестігінің, Президиум төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты, полковник А.Оразбаев, Шаңырақ оңалту орталығының директоры, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Террорға қарсы комитет РҚБ оқу-әдістемелік практикалық орталығының басшысы М.Мадияров және Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы қатысты. Әлеуметтік желіні сауатты пайдалану туралы біраз түсініктемелер айтылды.
Әрбір интернет желісін қолданушы өз тарапынан сауатты жазып, жарияласа, ешбір түсініспеушіліктер орын алмайтыны жайлы да түсіндірілді. Басқа жат ағымдарды қолданушылармен ұстанушыларға қарсы білімді дамытып, діни сауаттылықты арттыру қажет екені атап көрсетілді.
Жиын соңында дін мәселесінде біраз жайттар өз жауабын тауып, қатысушылар тарапынан да оң бағасын алды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі