Меркі ауданында жаңа мешіт есігін ашты

Меркі ауданында жаңа мешіт есігін ашты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талдыбұлақ жұртшылығы көптен күткен оқиға, Алла Тағаланың қалауымен 21.02.2020 жылы жұма күніне тұспа-тұс келіп жаңа мешіттің салтанатты ашылу рәсімдері өтті. Мешіттен азан дауысын аңсаған халықтың қуанышында шек жоқ. Заманауи үлгіде бой көтерген мешіт ауылдың ажарын ашып, нұрланып тұр.

Жаңа мешіттің ашылу салтанатын Қадырбекұлы Дастанның Құран оқуымен, ауданның бас имамы Батырбек қажы Жақсымбетұлының бата жасауымен басталды. Құрметті қонақ, аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков: "Осындай Алла Тағаланың нұры түскен күн жұма күні ауылдарыңызда жаңа мешіт халық игілігіне өз жұмысын бастағалы тұр. Ауылда бірінші рет азан шақырылады, бұл деген үлкен қуаныш, қуаныштарыңызға ортақтасып облыстан, ауданнан көптеген қонақтар келіп жатыр, аудан тұрғындарының атынан шын жүрегіммен құттықтаймын" – деп ауыл тұрғындарына ыстық лебізін білдірді.

Облыстан келген өкіл, қала мешіттерінің бас имамы Ғазиз Ахмет ауыл тұрғындарын құттықтап, мешіт соққан азамат Айдосов Сабыралы Шәкірұлы Алланың алдында қандай дәрежеде болатындығы жайында айтты.

Ауылдың қадірлі ақсақалы өз сөзінде, ауданды басқарып отырған азаматтарға ауыл әкімшілігіне, ауданның діни қызметкерлеріне халықтың атынан разылықтарын білдірді. Жаңа мешітте алғаш рет азан шақырылып, жұма намазы оқылды. Қандай бақыт, қуаныш десеңізші, қуаныш ұзағынан болсын! Амин!

Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: