"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаеваның ұйымдастыруымен кезекті Құран хатымы өтті.
Бұл шәкірттер арасындағы дәстүрге айналып келе жатқан хатым жасаудың ерекшелігі - әйелдер жамағаты бір уақытта Құран параларын бөліп алып, 2 сағаттың ішінде толық оқып бітіруінде. Құран оқушылар жайлы қасиетті кітапта не айтылғаны мәлім, енді соның сауабынан үміт етіп, еліміз, Отанымыз, бейбітшілік үшін дұға жасап, марқұм мұсылмандарға сауабын бағыштап, имандасып жүрген нәзік жандылардың бұл бастамасы сүйсінтерлік.
Құранды бастан-аяқ оқып шығып, көздегі мөлдіреген жастарымен құлшына дұға сұраған жамағат келесі жиынды аса күетіндерін жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.