Мал-пұлын Алла жолында сарп ететіндердің мысалы жеті бірдей масақ шығарған, әр масағында жүз дәні бар дәнек секілді. Алла қалалған пендесіне еселеп береді. Алла – Уасиғ(өте кең, сондай жомарт).
Тараз қаласындағы «Құлбай баба» мешітінің имамы Талғат Асанұлының ұйымдастыруымен, «Зекет» қорының қолдауымен 80 отбасыға садақа жасалды. Шөлдала саяжайының асыраушысы жоқ, көпбалалы және тұрмысы төмен тұрғындарына, әр отбасына 1 қап ұннан және киім-кешек үлестірілді. Жалпы жұмсалған қаражат көлемі 600 000 теңге. Алла жасаған қайырымдылығымызды қабыл етсін!
Мал-пұлын Алла жолында сарп етіп, соңынан бергенін міндетсінбейтін және (өзінен жәрдем алушыны) ренжітпейтін кісілердің Раббыларының дәргейінде алатын мол сауабы бар. Олар үшін (әсіресе ақиретте) ешбір қорқыныш жоқ һәм олар әсте мұңаймайды.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі