Тараз қаласындағы «Әулие ата» мешітіне «Нұр Отан» облыстық партиясы филиялының төрағасының бірінші орынбасары Нарбаев Балабек Жәнібекұлы мен өзбек орталығының өкілдері және қаладағы 44 өзбек ұлттары орналасқан аудандардан әр ауданнан екі, үш жамағаттан арнайы келді. Қариялар жиналған жиын мақсаты ел ішінде бірлікті, ұлттар арасындағы татулықты сақтау және экстремизмнің алдын алу. Өз сөзінде Балабек Жәнібекұлы осы тақырыптар аясында кеңінен тоқталды.
«Әулие ата» мешітінің имамы Ораз Тайыжбекұлы қазіргі кезде жастардың тәрбиесі, жақсы білім алуы мен үлкендерді сыйлауы өзекті мәселелердің бірі екенін айтып өтіп, «дұрыс қанаттанған түзу ұшар» демекші
тәрбиеге аса мән беруге, қариялар ат салысып, қоғам болып жұмыс жасауға шақырды.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі