Діни көшбасшылар үшін экспресс-тест жасалды

Діни көшбасшылар үшін экспресс-тест жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қоғамдағы діни ахуал ең маңызды дүниелердің бірі. Өйткені, халықтың сенімі, діни сауаттылығы өмір сүруіне әсер етеді. Соңғы жылдары белең алып келе жатқан діни экстремизм мен терроризммен қарқынды күрес жүргізіліп келеді. Ал халыққа ата дәстүрімізден келе жатқан дін мен салты сабақтасқан білімді бере алатын имамдар, ұстаз, дінтанушылар.

Осыған орай, Соғыс және бейбітшілік институты Тараз қаласының имам-хатибтерімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы діни шиеленістер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша семинар өткізуде. Кездесу сарапшылары Мирхат Мадьяров пен Аманжол Уразбаев  әлеуметтік желілер мен интернетті қолданатын діни лидерлердің деңгейін анықтау мақсатында экспресс-тест өткізді.

Отырыста хатиб имамдардың халықпен жұмыс жасаудағы қызықты мәселелері және діни көшбасшылардың халықпен жұмысындағы рөлі талқыланды.

Іс-шараға "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев, Тараз қаласының имамдары және аудан имамдары қатысты. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: