Шу аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат қажы Дүйсенбайұлы «Шу-Жылу» КММ жұмысшыларына «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
АТТ мүшесі сөзінде соңғы онжылдықта бүкіл әлемде терроризм мен экстремизмнің құбылысы, оның нысандары мен көріністері байқалуда. Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста екендігін айтып өтті.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі