"Һибатулла Тарази" мешітінде жамағаттың сауатын арттыруға арналған 1 айлық сауат ашу курсы ұйымдастырылды. Курсқа Тараз қаласымен қатар аудандардан да қатысушылар тартылды.
20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында өткен сабаққа 14 адам қатысты. Жамағатқа ақида, Құран, фиқһ пәндерінен дәріс жүргізіліп, ҚМДБ-да қабылданған 4 құжат негізінде "Мұсылманның тұлғалық келбеті", "Имамның тұлғалық келбеті" жөнінде әдептілік сабақтары өтті.
1 айлық курсқа қатысып, білімін шыңдаған азаматтарға сертификаттар табысталды. Бүгін курстың аяқталу рәсімі өтіп, аталған марапатты ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев пен медресе директорының орыбасары Нұралы Бақытұлы табыстады. 1 ай шәкірт болған көпшілікке алдағы уақытта осы білімнің дін игілігіне жарауын тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі