Дін - тәрбие тіңгегі

Дін - тәрбие тіңгегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқының ежелден ұстанатын діні ислам. Тарихи деректерге сүйенсек, ата-бабаларымыздың ислам дінін қабылдағанына шамамен 1200 жылдан аса уақыт өтті. Содан бері ислам діні қазақ жерінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін қазақтың бөлінбес еншісіндей болып келеді.

Ислам діні бейбіт дін екенін түсіндіру мақсатында, Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы шу қаласында орналасқан Алмас колледжінің студенттеріне дәріс оқыды. Жиынның негізгі мақсаты жастарға дәстүрлі ислам дінінің құндылықтарын таныту.

Бас имамды көпшілікке таныстырған Алмас колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Анарбекова Қарлығаш студенттер мен көлледж қызметкерлері атынан алғысын жеткізді. Шараға қатысқан студенттер сұрақтар қойып, мардымды жауаптарын алды.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: