"АЙТҚҰЛ БАБА" ЖАМАҒАТЫ АЙЛЫҚ ДАСТАРХАНДА БАС ҚОСТЫ

"АЙТҚҰЛ БАБА" ЖАМАҒАТЫ АЙЛЫҚ ДАСТАРХАНДА БАС ҚОСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы «Айтқұл баба» мешітінің жамағаты айлық дастарханда бас қосты. Мешіт имамы Нармұханов Бахтиярдың ұйымдастыруымен өткен дастарханда «Діннің қоғамдағы орны» тақырыбында сөз қозғалды.

Ата заңымызда дін мен мемлекет бөлек дегенімізбен біз бір қоғамда, шаңырақта өмір сүрудеміз, бөліп жару мүмкін емес. Дін жеке тұлға және қоғамның құтқарушы хабары болып табылады. Ақыл-ес және аңыздық дәлелдерге негізделген иман, кең пейілді Аллаға жасалған ғибадаттар арқылы адам жүрегін және ойларын жамандықтардан тазартып, қоғамға да бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру мүмкіндігін ұсынады.

Абай атамыз айтқандай: «Адамды – адам ететін де иман, Сұлтан ететін де иман», «Рухани байлық – бақытқа жеткізеді» - демекші, дін ойлауды, іздестіруді және үйренуді бұйырады.

 

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: