Ауыл мешіттерінде өткен айлық дастархан

Ауыл мешіттерінде өткен айлық дастархан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының тапсырмасына сай, өңірімізге тиісті Абай ауылы, Оспанәлі мешітінің молдасы және Жайсан ауылы, Жаңабай баба мешіттерінің молдалары мешіттерінде ауыл тұрғындары мен мешіт жамағатын жинап, кезекті айлық дастарханын ұйымдастырып, дастархан басында уағыз-насихатын жасады.

Дастархан басына жиылған ауыл тұрғындарына, Оспанәлі мешітінің молдасы Оңғарбаев Бағдаулет «Мұсылманның бірлігі асыл қазына» атты тақырыпта уағыз айтса, "Жаңабай баба" мешітінің молдасы «Мешітке келудің сауабы және мешіт әдептері» турасында әсерлі уағыз-насихаттарын айтты. Уағыз соңында Құран оқылып дүние салған ата-баба рухтарына бағышталды.

Талғат  Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: