Дәстүрлі Ислам діні – Алла Тағаланың тарапынан түскен дін. Сондықтан ислам дінінің негізгі құндылықтарына терең көңіл бөліп, жете түсінікпен қараған жөн. Дін деген нәрсе өте нәзік, дінді бұрмалауға болмайды, негізсіз бұрмаланса онда адасуға апарып соғады. Содан барып, негізі жоқ жат ағымдар пайда бола бастайды. Негізі жоқ болған соң, экстремизм, терроризм пайда болады. Жат ағымдардың алдын алу іс-шарасы барысында Меркі аудандық Өрт сөндіру мекемесінде ауданның бас имамы Қасымалиев Батырбек қажы ұжым мүшелерімен кездесу өткізді.
Батырбек қажы Ислам дінінің негізгі құндылықтарын айтып, жат ағымдардың пайда болу себептеріне тоқталды. "Ислам дінін жамылып, дәстүрлі дінімізді қаралап террорлық топ құрғандардан, қаншама жазықсыз жандар зардап шегуде. Мұндай әрекетті Ислам діні құптамаса да, осылай болу керек деген ұғымда. Мұндай теріс ұғым сауатсыздықтың салдарынан. Дәстүрлі Ислам дінінің қағидаларын жете түсінбегендіктен. Сол себепті, қандайда бір істі бастар алдында, оның анық-қанығын зерттеп, саралап барып бастаған жөн болады. Қәзір озық технологиялық заман, өзіңізге керек мәліметтерді ашықтап біліп отыруға мүмкіндіктер көп" -дейді имам.
Жиын соңында ұжым мүшелерінің толғандырған сұрақтарына бас имам жауап беріп дұға жасап қоштасты.
Аудандық «Меркі ата» мешіті