Атқарылған істер көп...

Атқарылған істер көп...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ағымдағы жылдың ақпан айының 12-сі күні Шу аудандық "Төле би" мешітіне қарасты Бірлікүстем ауылы, Бірлікүстем мешітінің молдасы Әлімбеков Жетпісбай ақсақалдың ұйымдастыруымен игі шаралар өтті. Ауылдың құрметті азаматы Жабағиев Жанқозы ағамыз мешітке қайырымдылық ретінде 1 бұқа табыстаған болатын.

Аталмыш мешітте ауыл азаматтары жабыла сойып, бөлшектеп, мешіт имамы Әлімбеков Жетпісбай ақсақалдың қатысуымен 12 тұрмысы төмен отбасылар мен жалғыз басты қарияларымызға үлестіріп берілді. Қайырымдылыққа ие болған ауыл тұрғындары мәз болып, осындай қайырымды іске ат салысып жүрген азаматтарға Алла разы болсын деп баталарын жаудырды.

Сонымен қатар, мешіт имамы Әлімбеков Жетпісбай ауыл жастапрын жинап, «Еріктілер» жылына орай мешіттің іші-сыртын, мешіт асханасы мен ауласын кір қоқыстан тазалап, намаз оқитын кілемдердің шаңын қағып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Шаруа соңында келіп қатысқан кісілерге Құран оқылып, бата жасалды.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: