Ислам экстремизммен ланкестікке қарсы

Ислам экстремизммен ланкестікке қарсы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы және аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандарымен бірлесе отырып, «Ислам экстремизм мен ланкестікке қарсы» атты тақырыпта Шу аудандық балалар кітапханасында отырыс бөлып өтті.

Аталмыш мекеменің меңгерушісі Лаура Өсербекқызы сөз бастап, аудандық имамды көпшілікке таныстырып, жиынның негізгі мақсатын айтып, өз кезегінде сөзді аудан имамы Аят қажы Дыбысұлына берді.

Өз кезегінде сөз алған аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы экстремизм мен терроризмнің зияндары жайында тілге тиек етіп, осы сияқты ағымдардың алдын алу жолдары жайында кеңірек түсіндіріп өтті.

Жиылған жұртшылық көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

                                   Талғат Кәрібайұлы     

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: