Шу ауданының бас имамы Аят Дыбысұлы Төле би ауылында орналасқан №10 Шу колледжінде студенттермен кездесті. Бас имам студенттерге «Конфессияаралық тұрақтылық және жастардың діни сауаттылығын жоғарлату әдістері» тақырыпта уағыз-насиғат жүргізіп, мұсылман баласы басқа дін өкілдерімен қандай қарым-қатынаста болу керектігін ислам тарихынан мысалдар келтіре отыра жан-жақты түсіндіріп берді.
Және де діни сауаттылықты жергілікті мешіт имамдарынан және ҚМДБ-ға қарасты медреселерден алу керектілігін түсіндірді. Соңында бас имам студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.