Жамбыл облысының бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлының бастамасымен Тараз қаласы имамдарының өзара тәжірибе алмасу және мешіт жұмыстарын жандандыру мақсатында көшпелі жиналыс өткізу үрдісі қолға алынды. Алғашқы көшпелі жиналысты Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы өткізіп, өзекті мәселелер талқыланды.
Жиналыста телеграм жүйесіне тіркеліп, белсенділік таныту, мешіттердің ішкі тәртібі мен камераларының жақсы жұмыс жасауы, имамдардың білімін жетілдіріп отыру, неке қию мәселесі қаралды.
Қанат Әділханұлы 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп бекітілуіне орай ұжымды асыл дініміздің игілігі үшін ат салысуға шақырды.
Бас имам сөз арасында көшпелі жиналыстың аудан мешіттерінде жалғасатынын тілге тиек етті.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі